Мектепке дейінгі ұйымның ең құндысы бұл бүлдіршіндер! Сол бүлдіршіндерге сапалы тәрбие мен білім беру біздің алға қойған басты мақсатымыз... 

"Бала талдың бүршігі,  білім болашақтың шуағы "-дегенімдей,  осы білім болашағының шуағын шашатың педагог -тәрбиеші болған соң,  бөбекжайымыздың меңгерушісі Райхангүл Муратовна "Баланың танымдық қабілеттерін дамыту" тақырыбында педагогтармен  семинар  өткізді. Жалпы семинардың мақсаты : Мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеуде, негізге алынатың  нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілуіне байланысты, атап айтқанда перспективалық  жоспар мен циклограмманың дұрыс жазылуы болып табылады.  Осы аталмыш мақсатта,  құжаттар үлгісімен таныстырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Практикалық жұмыс негізінде кіріктіріліп  ұйымдастырылған іс-әрекеттердің дұрыс жазылуын  түсіндіріп, көрсетіп өтті.